Қаратал аудандық аурухана
Суретті түсірген Данияр Сағындықов

Туғанына бар-жоғы 21 күн болған сәби  ауруханада шетінеп кетті. Бұл оқиға Қаратал аудандық орталық  ауруханасында орын алған еді.  Өңірлік  коммуникациялар  орталығына келген  Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы С.Қабылова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы М.Қордабаева, Қаратал аудандық ауруханасының бас директоры  Б.Құмаров, бас дәрігердің орынбасары Ж. Оязбаева  сәби өліміне қатысты түсінік берді.

Үстіміздегі жылдың 25 қазанында  Қаратал аудандық  ауруханасында жаңа туған сәбидің өлімі тіркелді. Баланың  дене температурасы төмен болған, жедел жәрдеммен жеткізілген бойда жансақтау – интенсивті терапия бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің  жан-жақты көмегіне қарамастан ауыр жағдайда болған сәби  көз жұмғандығы біз үшін өкінішті. Ал ата-анасы үшін орны толмас қаза екендігін түсінеміз деген дәрігерлер қауымы,  медициналық сараптамалық жұмыс жасалғандығы айтып өтті. Бұл  жағдайға орай  Ұлттық медициналық университеттің  неонатология кафедрасының профессоры Н.Божбанбаеваның қатысуымен аудандық ауруханаға жоспардан тыс тексеріс жүргізілген.

Онда  дәрігерлер тарапынан дұрыс жұмыстар жүргізілгендігі анықталды. Диагностика дұрыс жасалып, дәрігерлік көмектер уақытында болғандығы алға тартылды. Шағымданушы М .Каверзина      осыдан екі жыл     бұрын ессіз-түссіз қалған үш жасар ұлын   аталмыш ауруханаға жеткізеді.  Ауруы  әбден асқынған бала арада жиырма  күннен соң  көз жұмады.  Жіті энцефалит вирустық-бактериалдық аурудың   ауыр түрі деп диагноз қойылған балаға дәрігерлер тарапынан барлық  медициналық көмек дұрыс жасалған деп  мамандар қорытынды жасап отыр.  Нәтиже қорытындылары  шағым иесінің қолына берілген. Спикерлер БАҚ өкілдерінің тарапынан қойылған  сауалдарға жауап берді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK