Тіл – тәуелсіздік тірегі

108
Дереккөз

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен басқарма, департаменттердің тілге жауапты мамандары арасында «Тіл – тәуелсіздік тірегі» атты брейн-ринг интеллектуалдық турнирі өтті.

Дереккөз

Мақсат — мемлекеттік қызметшілердің тіл байлығын арттыру, өзара тәжірибе алмасу, топта жұмыс істей білу қабілетін арттыру, мереке қарсаңында мамандарды ынталандыру. Алғаш болып сөз алған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Айдар Башбаев «Аяғына нық тұрып, әлем өркениетіне қарыштап қадам басып келе жатқан елімізде саяси бастамалардың оңды орындалуын жан-жақты жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілер жүйелі жұмыстар атқаруда. Бүгінгі сайысқа, еліміздің қозғаушы күші болып отырған, мемлекет ісіне ар ісі деп қарайтын, тілге жауапты мамандар қатысып отыр. Қатысушыларға сәттілік тілеп, ел игілігін көксеген ортақ істі абыроймен атқарыңыздар деймін»-деді. Аталмыш шараға 18 мекемеден келген қатысушылар 6 командаға бөлініп, бақ сынады. Нәтижесінде бірнеше кезеңнен сүрінбей өткен «Тілашар» тобы үздік деп танылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK