Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің хабарлауынша, кейбір мемлекеттік қызметтерге желтоқсанның 14 жұлдызына дейін шектеу қойылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 549 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлімшелер қайта ұйымдастырылуына байланысты 2018 жылғы желтоқсанның 4-14 аралығында:

  • радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру;
  • радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама қызметтер бойынша өтінім беру қолжетімді болмайды.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK