Барлық үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерін 2019 жылғы 31 наурызға дейін «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметтік емес ұйымдарының Дерекқорына мәлімет ұсынулары қажет.

Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері жөніндегі мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган)осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын 2019 жылғы 31 наурызға дейін қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде www.infonpo.kz веб-портал арқылы ұсынады.

Мәліметтер жіберілетін мекенжай:

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі

Мекенжай: Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі»

Астана, 010000 , Қазақстан Республикасы

Телефондар +7 (7172) 74-04 -28, 74-04-47

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK