Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Индустрияландырудың екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпыұлттық телекөпір өтеді. Шара бүгін 11 желтоқсанға жоспарланған деп хабарлайды, — деп хабарлайды NUR.KZ сілтеме жасаған taldykorgan-online.kz

Жыл сайынғы телекөпір бүгін сағат 13:00-де «EXPO Конгресс орталығында» басталады.

Телекөпір барысында бүкіл республика бойынша түрлі жаңа жобалар іске қосылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, жиында «Алтын сапа» президент сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2018» байқауының жеңімпаздары марапатталады.

Марапаттау рәсімі Елбасының қатысуымен өтеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK