Талдықорғанның «Жастар» спорт сарайында облыстық  жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен, Алматы облысы әкімінің  “Көшбасшы-2017” жастар сыйлығын тапсыру кеші өтті. Білім мен ғылым, өнер мен саясат, кәсіпкерлік пен спорт сынды бірнеше саладағы  жетістіктерімен, қоғамдағы белсенділіктерімен көзге түскен ең таңдаулы жастар “Көшбасшы” атағына лайық деп танылды.

А.Нұршановтың фотосы

Сахна төріне көтерілген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов: “Ел жастары жұдырықтай жұмылып, Елбасының сарабдал саясатының тиянақты түрде жүзеге асуына атсалысуы керек. Әсіресе, “Рухани жаңғыру” бағдарламасының іске асуына жас буынның көмегі аса қажет. Облыста Жастар саясаты мәселелері басқармасы және  Жастарға қызмет көрсету орталығы, барлық 19 аудан мен қалаларда Жастар орталығы құрылған. Бұл орайда олардың атқарып жүрген  нәтижелі жұмысын атап өткен жөн. Құрметті марапат иелері. Баршаңызға мол табыс, бақ-береке тілеймін. Туған еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек етіп, Қазақстанның мақтанышы болуларыңызға тілектеспін”,-деп ізгі тілегін арнады.

Бұндай мəртебелі атақ жыл бойы жастар саясатын белсенді түрде жүргізіп, белгілі жетістіктерге жете білген, түрлі салада өзге жастарға үлгі боларлық нəтижелер көрсеткен 29 жасқа дейінгі облыс жастарына беріледі. Биыл жастардың арасында 17 номинация бойынша үздіктер анықталды.

А.Нұршановтың фотосы

Атап айтқанда, «Үздік жас журналист» — «Жетісу» телеарнасының тележүргізушісі Хамитов Алмат (Талдықорған); «Үздік жас өнерпаз» — мәдениет үйінің директоры Дүйсембеков Медет (Қапшағай); «Үздік жас кәсіпкер» — Құрманғалиев Мансұр (Талдықорған); «Үздік жас ауыл шаруашылығының маманы» —  «Мадияр» шаруа қожалығының жетекшісі Әуелбаев Мадияр (Талғар ауданы); «Үздік жас ғалым» — С.Демирель атындағы университеттің аға оқытушысы Тоқтаров Ермек; «Үздік жас ұстаз» — Үшарал қазақ гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарханов Ержан (Алакөл ауданы); «Жас батыр» — Д.Қонаев атындағы орта мектеп түлегі Жамоладдинов Темурбек, (Еңбекшіқазақ ауданы), «Үздік студент» — ЖМУ 3-курсында оқитын Митрохина Лариса, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» — Ардақ Сүйімбаева (Ақсу ауданы),

А.Нұршановтың фотосы

«Үздік жас саясаткер» — «Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі»КММ басшысының орынбасары Бағдат Науқанов, «Үздік жас спортшы» — Грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері Демеу Жадыраев, «Үздік жас әскери қызметші» — Аслан Шакенов (Алакөл ауданы), «Үздік жас отбасы» — Жанабаевтар жанұясы (Ұйғыр ауданы), «Үздік жас дәрігер» — Айгүл Тұрсағатова (Алакөл ауданы), «Үздік ерікті» — Талдықорған агро-техникалық колледжінің ІІІ курс білімгері Болат Ислам, «Үздік «Жасыл ел» сарбазы» — ЖМУ 2-курс білімгері Әлішер Қалиақбаров атанды.

А.Нұршановтың фотосы

Жеңімпаздар облыс басшысына алғыстарын білдіріп, барша жастар қауымының атынан естелікке сыйлық табыстады. Салтанатты кешке арнайы келген өнер әлемінің жұлдыздары Кәмшат Жолдыбаева мен “RENZO” тобы  әсем әннен шашу шашып, жиналған қауымның қошеметіне бөленді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK