Бүгінгі күн –ертең тарих

301

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты  мақаласында жеті санының киелілігін тағы да дәлелдей түскен. Бүгінгі күн — ертеңгі тарих. Сол тарихтың бүгінгі күнде жаңарып, ел есінде жақсы сақталуы, әрине, керемет дүние. Өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын бабаларымыздың асқақ рухы -Ұлы даланың, қазақ елінің, қазақ жерінің баға жетпес байлығы, жастарға табысталатын аманат. Әлемдік өркениетке қосылатын өзіндік үлес туралы жазылған мақалада  төл тарихымызды бағалап, онымен мақтана алатын ұрпақтың болашағы зор болатынына сенім білдірген.

Елбасымыздың пайдалы, қажетті дүниені ақылмен ұштастырып, жаңа қырын ашуы ақыл-парасаттың көкжиегі іспеттес. Енді осы аталған жеті кереметке көз жүгірте кетсек. Қашаннан да істің басын «Қазақтар оны сонау кезде айтып кеткен», «Қазақтар оны ықылым заманнан білген», -деп жатамыз. Енді міне, қазақ халқының тарихын, мәдениетін қайта жандандырар  жұлдызды сәт туды.

Халқымыздың кім екенін көрсететін ең басты мәдениетіміз-атқа міну. Оның денсаулыққа тигізер пайдасы күннен –күнге жаңа қырынан дәлелденуде. Сұлу да кербез жылқыны тарихымыздың ажырамас бір бөлшегі деп  айта аламыз.

Мәдени мұралардың дамуы саласында аталған тағы бір өнер -металл игеру. Бұл саланы жаңғырту барысында мұражайларымыздың хал-ахуалы біраз жақсаратынына сенімдімін. Бар затты бар деп марқайып, бабаларымыздың металл игеру жұмыстарын мұражай төрінен көре алсақ, барымызды салып тарихи жәдігерлерімізді дәріптеп жүрсек нұр үстіне нұр болар.  Алтын адам мен  аң стиліне тоқталсақ,сақ дәуірінен бергі мәдениетіміз ұлы көшпенділер империясының қандай өркениетті,өз алдына ұлық мемлекет болғанын көрсетеді. Мәдениетіміз бен мифологиямызды  өзімізге ғана емес, шетелдік қонақтарға дәріптеудің осы тұста оңтайлы сәті туды.

 Ал енді қазіргі таңдағы мақтанышымыз алма мен қызғалдақ баптау ісін жас балаларға дәріптесек,  пайдалы  болар еді. Бұл кәсіпті тек мәдениет демей,бизнес деп те қарастыруға  болады. Осы мәселелерге ой түйіп қарасақ ,тағылым алар тұстары көп-ақ.

                             Бекзат Құрмашев,

           Еркін ауылындағы №26 орта мектептің директоры.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK