Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театрдың директоры болып Руслан Сенкебаев тағайындалды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Жақыпбекова драма театрдың жаңа басшысын ұжыммен таныстырып, құтты орнына қондырды. Ал, 40 жыл театрда актриса, көремендер агенттігінің жетекшісі, директор орынбасары, директор қызметін атқарған Ғалия Темербаеваға қажырлы еңбегі үшін басқарма, ұжым атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

Руслан Исабекұлы 1978 жылы 16 қазан күні Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданы, Шелек ауылында дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «драма театры және кино актері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Петропавл қаласында Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрында әртіс болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдебиет үйінің жетекшісі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі, бөлім басшысы, директор орынбасары, «Казгосцирк» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесінде бөлім басшысы қызметтерін атқарды.
Соңғы жұмыс орны — «Казгосцирк» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесі директорының орынбасары.

Жалпы еңбек өтілі 18 жылдан астам, оның ішінде басшылық лауазымдарда 11 жыл қызмет атқарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK