Талдықорғанда 16 аула жаңартылды

507
А.Нұршановтың фотосы

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Талдықорған қаласында 16 спорттық нысан ел игілігіне берілді.  Оның 9-ы  спорттық, 7-і  аулалық ойын алаңы.  Олардың барлығы заман  талабына сай, озық үлгіде  жабдықталған.

Жаңа нысандардың салтанатты ашылуына  арнайы келген Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов, қала басшысы Бағдат Қарасаев спорт сүйер қауымды жүрек жарды қуаныштарымен құттықтады. Тұрғындардың айтуынша, бұрын-соңды болып көрмеген мұндай игі бастама қарапайым халық пен әкімдік арасындағы алтын көпірге айналды. Осыдан соң әрбір ойын алаңдарында спорт фестивалі болып, онда арқан, бұқа тартыс,  гір көтеру, қол күресі сынды ойын түрлерінен жарыс өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK