«Мизам» әдеби клубы құрылды

185
Дереккөз

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жанынан «Мизам» жас әдебиетшілер  клубы құрылды.

Дереккөз

«Біз аз едік, әдебиет біріктірді: көп болсақ дедік!
Біз қоздай боп жүрдік, әдебиеттен  жалынды, отты алсақ дедік!
Біз «кедей» едік, әдебиет — кеніш, жоқты алсақ дедік!
Иә, біз бәрін алғымыз келді, бәрін сосын бөліскіміз келді, сізбен. Ол үшін таудай қылып үйіп арман қойдық. Ой қостық. Ниет байладық. Мақсат түздік… Нәтижесі, мінекейіңіз
». Клуб иелері күні кеше Жетісу жұртшылығынан, әдебиетсүйер қауымнан осылайша сүйінші сұрап, ақжолтай хабарды жеткізген еді. Мақсат – әдебиет әлемінің  өрісін кеңейту,  аймақтағы әдеби ортаға сілкініс жасау, сөз құдіретін жете түсінетін жастардың қатарын мейлінше арттыру.

Дереккөз

 Атауының  мән-мағынасы жөнінде клубты құру туралы идея авторы Қозыбай Құрман «Біздің «Мизам» деп қойғанымыз: біріншіден, мизам (мизан, низам) заң, жарғы дегенді білдіреді. Яғни, жас әдебиетшілерге таразы болсын дедік. Екіншіден, ол көктемде туатын жұлдыздың аты. Оның мәні түркілік таным бойынша, биіктікті аңсауды білдіреді. Сәуірде пайда болатындықтан оған жастық та тән. Ал үшінші мәні, мизам күздің шуақты күндері, «Мизам шуақ» деп соны меңзейді. Жиын-терім науқаны үшін де ең маңызды кез. Ел еккенін қамбалайтын сәт. Бұл кезде мизам көк дүрк береді» — деп тарқатып берді. Клубтың салтанатты түрде тұсауы кесіліп, жұмысын бастады. Алғашқы қадамдарын ақын Ерлан Жүністің шығармашылығына арнап, театрландырылған әдеби-сазды кешпен бастады. Бұл күні  көрермендер де, ақын да толқыды.

Дереккөз

«Бүкіл өмірім көз алдымнан бірер сәтте өте шықты, өткен күндерімді қайтадан жүрек сүзбесінен өткіздім. Ол мен үшін оңайға соқпады. Ерекше алғыс айтамын»-деді тебіренісін жасыра алмай. Сонымен қатар клубтың шарты бойынша өзінің бағалы деген төрт кітабын шығармашылық ұжым кітапханасына ұсынды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK