«Адал жол» марафоны мәресіне жетті

233
Фото авторы Д.Сағындық

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру арқылы барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту мақсатында «Адал жол» марафоны бастау алған болатын. Аталмыш жоба аясында облысымызда  150-ден астам  іс-шара ұйымдастырылып,  400 мыңнан астам адам қатысты.

Фото авторы Д.Сағындық

Марафон облысымыздың барлық аудандары мен қалаларын қамтып, эстафета негізінде өткізілді. Жастар мен мемлекеттік қызметшілердің, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен  семинар, форумдар мен конференциялар, флешмоб, велошеру, автошеру, дебаттық сайыстар сынды түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Фото авторы Д.Сағындық

Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев «Біздің елімізде Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы түбегейлі күрес жүргізіліп келеді. Осы орайда «Адал жол»  республикалық марафоны аясында Талдықорған қаласында шаралар жоспарлы түрде атқарылды. Сыбайлас жемқорлықты жою бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Бұл орайда қоғам мен мемлекет бірігуі тиіс. Сонда ғана сыбайлас жемқорлықтың көріністері азаяды. Ұйымдастырылған шараның  нәтижелі болғанына сенімдімін. Сыбайлас жемқорлықпен күресуге өз тараптарыңыздан белсене қатысуға және Отанымызға адал қызмет етуге шақырамын»-деді. Айта кетейік, жұмыстың нәтижелері арнайы дайындалған «Адал жол» кітабына енгізіліп, Астана қаласындағы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мұражайына жолданатын болады.

Фото авторы Д.Сағындық

«Билігі мықты елдің — тірлігі құтты» дейді бабалар нақыл сөзінде. Осынау ұлы қағиданы қашанда қаперінде мықты ұстаған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген басшылығының арқасында егемендіктің алғашқы күнінен бастап, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясаты жолға қойылып, жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Әсіресе сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  және қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру жұмыстары жаңа қарқынмен жүргізіле бастады» -деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев.

Фото авторы Д.Сағындық

Шара барысында жергілікті атқару органдарына қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда және «Адал жол» марафонын өткізуге атсалысқаны үшін  Алғыс хат табыс етілді.

Фото авторы Д.Сағындық

Сондай-ақ, жобаны ең үздік болып жүзеге асырып, жоғарғы деңгейде ұйымдастырған  Алакөл, Сарқан, Қаратал, Жамбыл, Панфилов аудандары дипломмен марапатталды.

Фото авторы Д.Сағындық
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK