Нұр Отан Талдықорған қалалық филиалы
дереккөз

Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту мақсатында  «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы салтанатты қабылдау ұйымдастырды.

Қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Жазықбаев  шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.  «Президенттің халыққа арнаған Жолдауы  мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы үлкен қолдауға ие болуда. Сондықтан да, бұл маңызды құжаттар  партия мүшелері мен әр қазақстандықтардың алдына зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Өткізіп отырған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және ел дамуындағы Елбасының рөлі, мемлекетіміздің даму тарихы,  келешегімізді айқындап, азаматтардың Отан алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталады»- деп атап көрсетті.

Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Қалық  еліміздің тұңғыш Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан  Назарбаевтың  еңсе тіктеп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, кемеңгерлік келбеті турасында  ойын өрбітті.

«Жас буынды елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеуіміз керек. Мен өзім Елбасымен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жүздесіп, пікірлескен облыс азаматтарының қатарында болдым. Елбасы тәуелсіздігіміздің бір ауыр жылдарында, облысымыздың  ауылшаруашылығы мамандарымен мәжіліс  өткізді. Сонда Елбасының өте  парасатты, білімді, кемеңгер ойлы екендігін байқадық. Ел дамуына аянбай тер төгіп келе жатыр. Елбасы күні құтты болсын»- деді.

Шарада белсенді партия мүшелеріне Алғыс хаттар табысталды. Ал мереке қарсаңында  мүшелікке қабылданған 50 адамға партия билеттері табысталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK