Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «Ғасырлар ғазизы – Мұхаммед» атты мәуліт мерекесіне арналған  рухани-танымдық кеш өтті. Жиналған қауым алдымен арнайы ұйымдастырылған көрмені аралап, ондағы Әз Пайғамбарымыздан қалған құнды жәдігерлер мен  қазақтың көне ұлттық бұйымдарымен танысты.

Кеш бастала салысымен адамзаттың асылы Әз Пайғамбарға  арналған екі тілде мәуліт оқылды. Осыдан соң Алматы облыстық Б. Римова атындағы театрдың актерлері дайындаған тәрбиелі де өнегелік  маңызы зор қойылымдар жұрт назарына ұсынылды. Осы барыста, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы көпшілікті мәуліт мерекесімен құттықтап, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ғибратты ғұмырынан үзінді келтіріп уағыз айтты.

 

Кеш соңында «Жаратушы жаршысы – Мұхаммед» атты Алла елшісінің өнегелі өмірі жайлы өткізілген білім сайысында  топ жарып жүлделі орындарға ие болғандар марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK