Алматы облысы әкімінің өкімімен Мақсұт Рамазанұлы Жапаров Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында  жарияланды.

Мақсұт Рамазанұлы ЖАПАРОВ 1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қарасай аудандық экономика бөлімінің бас маманы болып бастаған. Кейін Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің орынбасары, Ірлегі ауылдық округінің әкімі болып еңбек етті. 2015 жылдың наурызынан бастап Қарасай ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK