Қызылордалық айтыскер  ақын Айдос Рахметовтың 2008 жылдары  жекпе-жек аламанда  топ жарып елге кеңінен танылып жүрген  кезі еді. Бірде ол туған өлкесі Жалағаш ауданы Мәдениет ауылына автокөлігімен заулатып бара жатса маи қызметкерлері тоқтатыпты.

Ақынды тоқтатқандарын бірден түсініп, Айдосты танып, «жүре беріңіз» деп жібере салыпты. Бір шаруаларын реттеп қайтып келе жатса, баяғы жол полициясы тағы тоқтатыпты. «Жайшылықпа жігіттер?» десе, «Бағана бізге өлең шығармадыңыз. Бір шумақ өлең шығарып кетіңіз» деп қолқа салыпты. Арқаланып кеткен Айдос:
«Ақынның айтқанына құмарсыңдар,
Жолдың бойын реттеп тұрарсыңдар.
Олай өтсем бір ұстап, былай өтсем…
Сендер-ақ бәле болған шығарсыңдар», – деген екен.

 

Айтақын БҰЛҒАҚОВ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK