Нүр Отан Талдықорған қалалық филиалы
Суретті түсірген А.Нұршанов

Елбасы күніне орай «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен Салтанат сарайында отау құрған жас жұбайларды құттықтау рәсімі өтті. Бұл күні Диас пен Диананың некелері қиылып, куәліктері табысталды.

Партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Жазықбаев бұл шараның   негізгі мақсатын атап көрсетті. «Отан отбасынан басталады» десек, онда Елбасы, партия Төрағасының саясаты мен идеяларын жүзеге асыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу  басты  мақсаттардың бірі.  Тұңғыш  Президент күніне арналған шара, партия мүшелерін құттықтау салтанаты еліміз бойынша қолға алынған» -деді.  Талдықорған қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Дастан Шалтабаевтың атынан құттықтау хат пен сыйлық  жас жұбайларға табысталды. Ал ҚР Мәдениет қайраткері, «Тақиялы періште» фильмінде басты рөлді сомдаған Әлімғазы Райымбеков ата да шаңырақ көтерген жастарға ақ батасын берді. Бүгінде сексеннің сеңгіріне келген атамыз бен Гүлжауһар апамыздың отасқандарына  биыл 60 жыл толды.  Он бала өсіріп — тәрбиелеген ата мен апа қазіргі таңда немере-шөберелердің құрметіне бөленуде. Әлімғазы ата жастарға бақытты ғұмыр, үбірлі-шүбірлі болыңдар,-деп ақ тілегін айтты.

 Мереке қарсаңында Талдықорған қаласында 6 жұп, жалпы Алматы облысы бойынша 48 жұп отау құрып, шаңырақ көтерді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK