Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан киелі «жеті» саны

93
Дереккөз

Мемлекет басшысының ата-бабамыздан қалған мұраны ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу, асқақтату, құндылықтарымызды ғылыми тұрғыдан дәлелдей білу, өркениетті елдердің қатарында мақтан ете алатын брендтарымызды «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында нақты атап өткені қуантады.

Тәуелсіздікке дейін білім алып, тәрбие алған азаматтар қазақтың тарихының тереңнен бастау алғанын кейіннен танып, біле бастағаны белгілі. Алайда, сол кезеңде қолымызға түскен тарихи айтыстар, ауыз әдебиетімен жеткен көне жырлар «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Еңлік-Кебек», «Қыз Жібек» жыр-дастандарын әжелерімізге оқуымыз көкірегімізде бай мұраны қалдыруға себеп болды.

Қазіргі төртінші өнеркәсіптік революцияның қарыштап қадам басқан кезінде бұл бай мұрамызды цифрлы форматта қызықты, тартымды етіп, әртүрлі әдістерін пайдаланып қолжетімділігін арттыруға, кең тарауына мүмкіндік мол. Осы мүмкіндіктер арқылы ұлт тарихын жас кезеңнен бастап баланың бойына сіңіру, төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын ұрпақ тәрбиелеу еліміздің болашағы үшін маңызы зор.

Қазіргі бүлдіршіндердің қызығып көретін мультипликациялық сериалдарында үлгі тұтатын ұлт қаһармандары мүлдем көрініс таппаған, ал ондай даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз, бүкіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар бізде жетерлік. Қазақтың даналығымен, көрегенділігімен, адамгершілігімен мағыналы өмір сүрген ел билеушілері мен шеберлер өнегесі ұрпаққа аманат болуы маңызды.

Осы мақалада Ұлы даланың жеті қыры жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеу талап етілсе, біздің міндет сол талапты нақты істермен Архив-2025»бағдарламасы, «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Ұлы Дала тұлғалары», «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін», «Ұлы даланың ұлы өркениеттері», «Ұлы даланың көне сарындары» жобалары арқылы жүзеге асыру.

Әрбір қырын оқыған сайын қызықты оқиғалармен, ұлы тұлғалармен кездесетіндей, сол заманның ішінде жүргендей сезімге бөленесің. Ата-бабамыз жігіттің сұлтанын, өнерлі, мәдениетті, білімді азаматты мақтағанда «жеті қырлы, бір сырлы» -деп баға беретіндей Сиверс алмасының, 35 түрлі қызғалдақтың,сан алуан металл кені шыққан, тарихы бай өлке Қазақстан мемлекетін мақтан етіп дәріптеуге үлес қосайық.

Гүлнар Тойлыбаева, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK