Жақында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді. Ұлтымыз тарихын таразылап, бабалар ерлігін паш еткен мақала қазақ елі халқына рухани тың серпіліс әкелгені анық. Онда бір дәуірдегі көшпенділер өркениетінің күллі адамзат мәдениетінің өшпес үлгісіне айналғаны нақты айғақтармен  айқын атап көрсетілген.

Бабалардың  осынау даланы тұлпардың тұяғымен түріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен көздің қарашығындай қорғап, бізге сыйлаған өр рухы, ерен ерлігі, дара даналығы баяндалған. Сонмен бірге ел бастаған көсеміне, дауда жеңген шешеніне, қол бастаған батырына, орақ тілді ақынына ұлы сенім артқан халықтың кең-байтақ жерді нағыз береке-бірліктің ұйтқысына айнадырғаны жеткізілген. Осындай мәдениет, өшпес өркениет қалыптасқан дала данышпандарының даласы түбі бір түркі халықтарының қазыналы қара шаңырағына айналған. Біз мемлекет басшысының салмақты ой, саралы сөзбен түйген мақаласынан ұлтымыздың тағылымды тарихын өнеге етіп, болашағымызға баянды бағыт-бағдар аларымыз ақиқат.

 

Әділет Рымтай,

                                                                                          Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK