Жарқыраған балалық сезім

256
Фото авторы А.Нұршанов

Көркемөнер галереясында «Жаркент арт студио» жасөспірімдер бейнелеу өнері  студиясының «Жарқыраған балалық сезім» атты жинақталған көрмесі ұйымдастырылды.

Фото авторы А.Нұршанов

Мұндағы мақсат – жасөспірімдердің бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын, танымдық деңгейлерін арттыру. Аталмыш көрмеге балалардың 140-қа жуық жұмыстары қойылды.

Фото авторы А.Нұршанов

Болашақ қылқалам шеберлерін тәрбиелеп жүрген Алина Бакиева алғашқы  кезде «Умка» балаларды  жетілдіру орталығында дәріс берген. Кейін талантты балалар қатарының артуына байланысты «Жаркент арт студио» бейнелеу өнері студиясын ашқан. Бүгінде бұл  мекемеде жүзден астам бала білім алуда. Шара барысында сөз алған  Алина Фаридқызы шәкірттерінің туындыларын көпшілік назарына ұсынуға мүмкіндік сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK