Елімізде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап байланыс қызметінің бағасы төмендемек. Жағымды жаңалықты Үкіметтің селекторлық отырысында  ҚР Ақпарат және  коммуникациялар вице-министрі  Динара Щеглова жеткізген.

Сондай-ақ, Динара ханымның айтуынша, байланыс саласы бойынша ауылды жерлердегі сымды телефон және интернеттің субсидияланған тарифтерін реттеу министрліктің  құзыретінде. Оның үстіне соңғы екі жылда заңды тұлғаларға көрсетілетін кабельдік қызметтер тарифтерінің бағасы еш өзгерген жоқ. Нақтырақ айтсақ, 2013 жылдан бері  ауылды жерлердегі  сымды телефон байланысы 596 теңге, өзіндік құны 1125, интернет 982 теңгеден  1964 теңге аралығында болып, өзіндік құны 2932 теңгені құрайды екен. Ауылды жерлерде бұл  қызмет  көрсету  бойынша өтемақы бюджет есебінен төленеді. Үстіміздегі жылы оны субсидиялауға 8,7 млрд теңге бөлінген.

дереккөз

«Байланыс қызметінің тарифтік және ұялы байланыстың қолжетімділігі  бойынша қазір еліміз 140 мемлекеттің ішінде 29 орында. Ал, кең жолақты интернет бойынша 20 орында. Сонымен бірге ҚР Премьер-Министрінің бағаны төмендету тапсырмасы  бойынша байланыс министрлігі тарапынан «Қазақтелеком», «Транстелеком», КCell, ҚарТел, Mobile сынды байланыс  салаларымен келіссөздер жүргізілген. Онда байланыс бағасын төмендету ұсынылды. Нәтижесі жыл соңына дейін ақпарат құралдарында жарияланатын болады», деді вице – министр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK