ЖМУ колледжі директоры
Суретті түсірген Д. Сағындықов

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің жанынан колледж келер оқу жылынан бастап ашылады,-деп қуанышпен бөлісті педагогика ғылымдарының докторы, профессор Марат Мәлтекбасов. Бұл сүйінші хабар өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды.

Спикерлер Марат Жабықбайұлы мен  Гүлбарам Адамбаева университет жанынан ашылатан колледж  бүгінде  8 мамандық бойынша лицензияға қол жеткізгендігін айтты.

Толағаай  табысты тарихы бар І.Жансүгіров атындағы ЖМУ Алматы  облысындағы маңдайалды оқу орны ретінде жастарды 40-тан астам мамандыққа   оқытады. Қазіргі таңда 6 мыңдай студент және  магистратура мен докторантурада  оқитын білімгерлер бар.
Бұл оқу орны, оқытудың көпсатылы деңгейлі жүйесін қалыптастырады. Оның стратегиялық мақсаты: көпсалалы, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті, көптілді, ұтқыр білім беру ортасын жасау екендігін атап көрсетті спикерлер. Колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Марат Мәлтекбасовтың айтуынша, болашақта білімгерлердің  3 сатылы білім алуға мүмкіндігіі бар. Білім алып шыққан жастардың жұмысқа орналасуына да көңіл бөлінбек. Сондықтан жұмысшы мамандықтарында оқытылатын түлектерге дуалды оқыту жүйесі қолға алынбақ. Ол теорияның  практикамен ұштасуы.  Бәсекеге қабілетті ортада сұранысқа сай оқыту негізі. Кәсіпорынға барып машықтанған баланың сол жерге  жұмысқа орналасуына жол ашылады.  Кредиттік технологияға негізделген колледжде – мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, құқықтану, заңгер, бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі әдебиеті мұғалімі, туризм, дизайнер және тағы да басқа мамандықтарға  оқытылады.  Күндізгі білім беру құны 160 мың теңгені құраса, сырттай  бөлімге 80 мың теңге болып белгіленіп отыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK