ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы С.Нұрғисаев облыстық жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарына түгендеу жүргізілді деп айтты.

Департамент басшысы сөзінде: «Бүгінгі таңда Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары жалпы көлемі 147,4 мың шаршы метр көлемді ғимараттарда отыр. Талап бойынша 108,1 мың шаршы метр болуы тиіс. 39,3 мың шаршы метр көлеміндегі алаңдар, яғни қазіргі қолданыстағы ғимараттардың ¼ бөлігі артық пайдаланылынып келеді», — деп көрсетті.
Алдағы уақытта артық алаңдарды бизнес ортаға беру мәселесін қарастыруда. Бұл жобаның жүзеге асырылуы арқылы бюджеттік қаражатты үнемдеуге (электр қуаты, жылуға төлемдер, т.б.) және мемлекеттік органдардың бекітілген нормативтерге сәйкес орналасуына қол жетеді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK