Талдықорған №20 лицей
дереккөз

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет»-,дейді.  Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі зерек те талапты балалардың қанатын қатайтып, білімнің биігіне көтерілуіне жан-жақты мүмкіндіктер көрсетіп келеді.

Күні кеше лицей өрендері Теміртау қаласында  өткен жаратылыстану-математика пәндері бойынша ХІ  Президенттік олимпиададан оралды. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған бұл сайысқа еліміздің  барлық облыстарынан 11-сынып оқушылары қатысты. Президенттік олимпиаданың математика-жаратылыстану бағыты бойынша   Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейдің 11-сынып оқушысы Темірлан Муслимов алтын медаль мен бірінші дәрежелі дипломды иеленді. Ол 6-сыныптан бастап лицейдің олимпиадалық резерв мектебіне қатысады, онда математика пәніне ден қойған. 2015 жылы ТМД мемлекеттері оқушылары арасында Мәскеу қаласында өткен  пәндік олимпиадаға қатысып, күміс медальды қанжығасына байлап қайтты. Польшаның Закопанье қаласында  2016 жылы ұйымдастырылған математикалық бағыттағы халықаралық олимпиадада жүлделі үшінші орынды бағындырды. 2017 жылы Павлодар қаласында өткен  республикалық пәндер олимпиадасына, 2018 жылы халықаралық Жәутіков атындағы және де Атыраудағы республикалық пәндер олимпиадасына қатысып, сертификат иеленді. Әртүрлі білім байқауларда  жан-жақты ашылған Темірланның математикаға деген қызығушылығы артқан.

 Темірлан   өмірлік ұстанымы мен олимпиада туралы айтты.  «Қолайлы мүмкіндікті тиімді пайдалану» керек. Әрине, әр аймақтан барған  кілең мықтылардың ішінен қара үзіп шығу да оңай болған жоқ. Білімін таразылап,  бағын  сынауға келген оқушылар үшін Теміртау қаласында білім сайысының өтуі тегін емес. Себебі, Елбасы өзінің еңбек жолын осы шаһардан бастаған. Үздіктер математика, физика, биология, химия, бағыттарында білім додасына түсті»-  деп ой білдірді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK