дереккөз

Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен Елбасымыз  Н.Назарбаевтың «Өз жеріңді танып  біл» жаңа бастамасы аясында  І.Жансүгіровтің әдеби музейінде  шара  өтті. Сарқан ауданы,Лепсі ауылындағы  Мұқан  Төлебаевтың  мемориалды музейі қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен «Өнерлі өлкенің өрені» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

«КСРО  халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың ұлттық өнерге сіңірген  орасан зор еңбегін, келер ұрпаққа үлгі ету. Өнердегі  жолын музей экспонаттары негізінде таныстыру және насихаттау мақсатын көздедік» —  дейді шараны ұйымдастырушылар.

Салтанатты жиынды  облыстық   газеттің  журналисі, ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қуат Қайранбаев құттықтау сөзімен ашса, «Сарқан» газетiнiң бас редакторы  Жомарт Игiман  жырдан  шашу шашты.

Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның әншілері композитордың «Кестелі орамал», «Тос мені, тос» туындыларын орындаса, республикалық «Ілияс оқуларының» жеңімпаздары өлең шумақтарын арнады.Сонымен қатар, Мұқан Төлебаевтың өмірінен сыр шертетін «Көтеріл ер халық» атты шағын сахналық көрініс қойылды.

Шараға М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің, Алматы облыстық көркемөнер галереясының, облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапхана қызметкерлері, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ  білімгерлері, М.Жұмабаев атындағы № 19 орта мектеп-гимназиясы мен №28 IT мектеп-лицейінің оқушылары, қала тұрғындары қатысты. Көпшілік қауым композитордың өмірі мен шығармашылығынан  сыр шертетін жылжымалы  көрмені  І.Жансүгіровтің әдеби музейінен тамашалады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK