Прокуратура. Өзгерістер дәуірі.

732
ғаламтор

Қазақстан прокуратурасы сотта мемлекет мүддесін қолдайды және қылмыстық қудалауды жүзеге асыру, ел аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етудің құқықтық тұтқасы және құралы болып табылады.

Прокуратура органдары қызметкерлері өз жауапкершіліктерін сезіне отырып, әр уақытта міндеттерін жоғары деңгейде орындауға тырысады.

Бүгінгі біз білетін прокуратура өзінің құрылуында ұзақ жолдан өтті. Оның тарихын маңызды төрт белеске бөлуге болады.

Бірінші белестің басталуын 1922 жылғы 13-шілдедегі Халықтық заң комиссариаты жанындағы мемлекеттік прокуратура органы мекемесінің ашылуы деп санаса болады.

Прокуратура дамуының екінші белесі деп 1933 жылғы оның өкілеттігінің кеңейюін сипаттауға болады. Халықтық заң комиссариаты жанында өз бетінше прокуратура басқармасы болып құрылды. Оның тарихында алғаш рет прокурор мен Халық комиссарының міндеттері бөлінді.

1937 жылы 11-қарашада прокуратура Халықтық заң комиссариатынан толығымен бөлініп шықты және де республиканың құқық қорғау органдарының дербес құрамы болып жұмыс істей бастады.

Қазақ ССР-нің бірінші прокуроры С. Есқараев болды.

Прокуратураның тарихын жаза отырып, Алматы облысы прокуратурасының құрылуы мен дамуын атап өтуді жөн көрдім.

ҚССР-ның прокуратурасы өзінің дамуының екінші кезеңіне өткенде, Бас прокуратураның өңірлік құрылымы бола тұрып, Алматы облысы прокуратурасы 1933 жылдың 28-ақпанында құрылған болатын. Құрамында 22 ауданы болған Алматы облысы прокуратурасы, Жетісу өлкесінде заңдылықтың орындалуына қадағалау міндеті жүктелген болатын.

Алайда, кейіннен облыстық прокуратура құрамынан Шұбартау, Аягөз, Мақаншы, Ұржар, Лепсі, Шет, Қоңырат, Қордай, Шу, Красногор аудандары және Семей қаласы шығарылып, басқа облыстың құрамына кірді.

Елімізде кеңінен белгілі болған облыс прокуратурасын басқарған тұлғалардың аттарын атағым келеді. 1933 жылы Ф. Гомилевский, 1933-34 жылдары — В.Николаев, 1935-37 ж.ж. — М.Овчинников, 1945-49 ж.ж. — А.Қапенова, 1950-61 ж.ж.- А.Мухамедияров, 1961-62 ж.ж.- Ө.Сейітов, 1962-65 ж.ж. — Б.Тапалов, 1965-73 ж.ж. —  Е.Есболатов,  1973-77 ж.ж. — Н.Нұрғалиев, 1977-84 ж.ж. — А.Нұрмағамбетов, 1984-88 ж.ж. — А.Қапсұлтанов, 1988-91 ж.ж. — И.Баймухаметов, 1991-94 ж.ж. — И.Бактыбаев, 1994-96 ж.ж. — О.Жумабеков, 1996-2001 ж.ж.- Ғ.Өтебаев, 2001-2002 ж.ж. және 2005-2006 ж.ж.  — С.Оңғарбаев, 2002-2005 ж.ж. — Ж.Байтұқбаев, 2006-2009 ж.ж. — М.Жөргенбаев, 2009-2012 ж.ж. — Е.Кененбаев, 2012-17 ж.ж.- Ғ.Миразов облыс прокуратурасын басқарған.

Қазақстанның мемлекеттілігі дамыған сайын республикалық органдар жүйесінде прокуратураның орны мен ролі де ауысып отырды. Прокурорлық қадағалау функциялары өзгерді. Алайда, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекет мүддесін, әлеуметтік-экономикалық, саяси және азаматтардың жеке құқығы мен бостандығын қорғау, құқық бұзушылықтарды болдырмау прокуратура қызметінің негізгі мазмұны болудан танбады.

Мемлекеттің барлық дамуы кезеңінде прокуратура ролі бұлжымай өсіп отырды, оның алдында әрбір азаматтың ең бірінші және нақты оның мүдделерін қорғаушысы прокуратура екенін білуі мен түсінуіне жету міндеттері тұрды.

Конституцияның 83-бабында прокуратураның бірыңғай орталықтандырылған жүйе екені туралы негізгі ережелері жөнінде  айтылған. Сондықтан, республиканың мемлекеттік билік органдары жүйесінде прокуратура өзінің конституциялық орнын алады.

Прокуратураны реформалау мен дамыту жаңа мемлекеттік құрылысының тиісті қағидаттарымен, саяси және халықаралық-құқықтық   бағдарлаумен іске асырылды. Еліміздегі және заңнамаларда болып жатқан өзгерістер қоғамның ең қымбат қазынасын  адам деп танып, азаматтардың сот арқылы қорғалуына құқығы кеңейтілді.

Мемлекетті дамыту мен цифрландыруға ұмтылу, біздің өмірімізге жасанды интеллект кіргізу барлығына әсерін тигізбей қоймады.

Әр мемлекет өзінің даму жолымен, жаңа шақыруларымен және мүмкіндіктерімен келе жатыр. Әлемде қарқынды даму жүріп отырғанда ел артта қалса, онда ол елде құлдырау мен қирау болатыны мәлім.

Біздің еліміздің даму жолы бес президенттік реформада және де «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамда» көрсетілген. Прокуратура да осы реформалар шеңберінде өзгеруде.

Мәселен, 2017 жылдың 1-наурызында Конституцияның 83-бабына өзгерістер енгізілді, прокуратураның негізгі фунциялары жинақы мазмұндалды. Бұл ретте, прокуратура мемлекет атынан еліміздің аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады деп көрсетілген.

2017 жылдың 30-маусымында Елбасы Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңына қол қойылды. Осы құжат прокуратура органдарының қызметін жетілдіруге бағытталды.

Қабылданған Заңмен мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалаудың шегі мен нысаны айқындалған, прокурордың өкілеттілігі, оның жауапкершілігі, сондай-ақ тексерілу субъектілерінің құқығы мен міндеттері бекітілген.

Осы өзгерістер, жаһандық сын-қатерлер мен құрылымды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін пайдалану үшін әлемдегі өзгерістермен қатар жүруде.

Алайда, заман талабына сәйкес болу үшін бір заңмен ғана шектеліп қоймау керектігі бәрімізге мәлім.

Көктемнің бір шуақты күнінде қызметкерлердің поштасына Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Қажманұлы Асановтан хат келді… Әдеттегі тапсырмалар мен нұсқаулар жазылмаған. Барлық қызметкерлер осы хатты зерделеді және де жұмыс үрдісінің жаңа бағытын сезініп, шабыттанды.

Ол хатта одан әрі халықтың сенімін ақтау маңыздылығын ұсынып,  біздің қызметтің бағдарын мазмұндаған болатын.

Содан бері прокуратурада өзгерістер басталды.

Бізге адамның құқығын қорғайтын орган болсақ та, көп адамдардың ойынша біз жазалаушы орган болып көрінеміз. Себебі, біздің көбіміз ескіше жұмыс істедік.

Қажеті жоқ көп есептер, ақпараттар, талдаулар, кеңестер болды, халық және БАҚ үшін тиісті дәрежеде ашық болған жоқ едік.

Осы жағдайдан шығу үшін Бас прокуратура «Өзгерістер бағдарламалары» Жол картасын әзірледі.

БАҚ, интернет-порталдарында немесе постерлерде осы Өзгерістер бағдарламасын көрсе, сұрақ туады: бұл не өзгерістер? Прокуратура қай жаққа бара жатыр және ол қалай өзгерер деп?

Қысқаша жазып өтейін: жұмыс үрдісінде барлық қажеті жоқ құжаттардар бас тарттық және ең бастысы — базаматтардың құқықтарын уақтылы қорғау мен халыққа жақынырақ болуға бел байладық.

Оған, өз жемістерін бере бастаған, құқық қорғау қызметі мен азаматтарды қабылдау Орталықтарының ашылулары мысал бола алады.

Орталықтар ашылмай тұрған кезде, біз бір айда 100 адамға жуық қабылдасақ, енді осындай Орталықтар арқасында мыңнан аса адам қабылдауға келеді. Әрбір азаматтың мәселелерін уақытылы шешіп, оларға заңды түсіндіреміз және кеңес береміз. Одан бөлек, бір ғимаратта барлық құқық қорғау органдарын, адвокаттарды, медиаторларды, нотариустарды жинадық, олармен сапалы қызмет көрсетілуде. Егер адам бұрын талап арызды жазу білмей, қай жерден кеңес аларын білмей жүрсе, енді Орталықтарда мәселе оңай шешіледі.

Жұмыста да мүлдем жаңа тәсілдер пайда болды. Егер бұрын түрлі тексерістермен айналыссақ, енді бүгін жұмыста жобалы жұмысқа бет бұрдық, жобалау офисін құрдық және де ведомстваның жұмысын бұдан да ашық және тиімді етуге бірден 30 жобаларды шығардық.

Жұрт үшін ақпараттардың қол жетімді еттік, енді еліміздің тұрғындары айыппұлдар туралы, хабар-ошарсыз жоғалып кеткендер мен алимент бойынша борышкерлер туралы және басқа жаңалықтарды арнайы бағдарламалар арқылы біле алады.

Сонымен қатар, жоспарлық тәсіл құқық бұзушылықты анықтау ғана емес, осыған себеп болған және де жағдай туғызған мәселені түбірімен шешуге көмектеседі. Осы себептерді таба отырып, басқа органдармен бірлесе шешудің жүйелі жолдарын іздейміз және  оларды одан әрі жүзеге асырамыз.

Жаңғыртулар біздің жүйеде ғана емес, сонымен қатар қылмыстық үрдісте орын алды.

Ағымдағы жылдың 10-қазанында Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізді.

Бас прокуратура әзірлеуші болып табылатын, заң жобасымен тұңғыш рет қылмыстық сот істі электронды форматта жүргізу мүмкіндігі көзделген.

Цифрлық формат шешім қабылдауды жылдамдатады, процеске қатысушылардың құқықтарын қорғауды жақсартады, коррупция мен өкілеттікті теріс пайдалануды азайтады.

Жалпы қылмыстық процесс реформасы қылмыс кеңістігінде адам құқықтарын қорғауды нығайту жөніндегі міндеттерді іске асыруға, тараптардың жарыспалылығын арттыруға, сот бақылауын кеңейтуге, сондай-ақ қосарлануды болдырмауға және де тергеу, прокуратура, сот органдары арасындағы өкілеттілікті дәл бөлуге бағытталған.

Сервистік тәсілді енгізе отырып, бір уақытта көптеген жұмыс үрдістерін жетілдірумен қатар, адами ресурстардың қамы туралы, яғни өзіміздің қызметкерлер туралы ойлауды бастадық.

Егер бұрын табиғат заңында күштірегі өмір сүреді десе, енді қазіргі жағдайда бәсекелестік қабілеті бар ғана өмір сүре алады делінген.Сондықтан,  Бас прокуратурамен біздің қызметкерлердің білімін ғана емес, рухани дамуы жөнінде ауқымды жұмыс басталды. Мысалы, қызметкерлер үшін мотивациялық, жаттығу материалдары, дамытатын кітіптары, өңірлер арасында тәжірибе алмасу үшін ақпараттық айдарлары бар «Ойлан тап» порталы жасалды.

Барлық осы өзгерістер жоспарлы түрде жүріп жатыр. Өзгеріс кезеңдерінен өту бір күннің мәселесі еместігі белгілі. Үрдістің ауыртпашылығын жеңілдету үшін, әрбір өңірде басшылардың қатарынан, көлденең байланыс арқылы әрбір қызметкерге  өзгеріс маңыздылығын, ал ең бастысы қай бағытта өрбу және акцент қою керектігін жеткізе алатын Өзгеріс елшілерін оқытты.

Бағдарламаның арқасында біз күшті мамандарды ғана емес, сондай-ақ, азаматтардың сенімдерін ақтайтын, прокуратураның және жалпы еліміздің дамуына түрткі болатын жалынды көшбасшыларды тәрбиелеуді көздейміз.

Еліміздің прокуратура органдары үшін тағы бір тарихи оқиға орын алды. Елбасының 2017 жылдың 13-қазанындағы Жарлығымен Бас прокуратура және оның құрылымы туралы ереже бекітілді, ведомстваның жалпы штат саны белгіленді. Жарлықпен алғашқы рет Бас прокуратураның миссиясы көрсетілді, ол мемлекет атынан ел аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру деп айқындалған.

Біз дұрыс бағытты ұстанғанымызды және азаматтарымыздың қолдауымен, елімізде заңның үстемдігін бірлесіп қамтамасыз ететінімізді, әрбір азаматтың құқығы мен мемлекет мүддесін қорғайтынымызға сенімдімін.

Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаев.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK