«Алматытелеком» ӨТД байланыс қызметтерін шектеу келеңсіздіктерін болдырмау үшін, телекоммуникация қызметтеріне абоненттік төлемді уақытылы, ағымдағы айдың 25-не дейін төлеу қажеттігін ескертеді.

Абонент берешекті жоғырыда белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, төлем мерзімін кешіктіргені үшін әрбір кешіктірілген күнге берешек сомасының 0,5% мөлшерінде өсімақы есептелетін болады, бірақ абонентке ұсынылған әрбір мерзімі кешіктірілген шот бойынша 30 күннен аспайды.

«Қазақтелеком» АҚ қызметтері үшін төлемақыны онлайн тәртіпте, комиссиясыз, American Express, Visa және MasterCard банктің карталармен www.telecom.kz ресми сайты арқылы төлеуге болады.

«Қазақтелеком» АҚ қызметтерін төлеу мүмкіндігі туралы ақпаратты 160 (қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін) нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.

«Қазақтелеком» АҚ

Қоғаммен байланыс қызметі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK