«Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ,  Алматы, 20қараша. Елбасының Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық шаралар жоспарының 54 тармағын орындау мақсатында «Баспана» Ипотекалық ұйымы» Ұлттық Банк және әкімдіктермен бірлесіп халықпен кездесулер ұйымдастыру мақсатында әкімдіктерге хат жолдаған болатын. Ұсынысты барлық әкімдіктер қолдап, «7-20-25» бағдарламасын түсіндіру, оның әр қазақстандық үшін баспана иеленудің қосымша мүмкіндігін ұсыну бойынша артықшылықтарын жеткізу мақсатында жер-жерлерде халықпен жүздесулер өтетін болды.

Көшпелі кездесулерге әкімдіктің, Ұлттық Банктің, «Баспана» Ипотекалық ұйымының және «7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері филиалдарының өкілдері қатысып, аймақ тұрғындарының бағдарламаға қатысудың нақты қадамдарына, төлем қабілеттілігін бағалауға, кепілдік мүлікті бағалауға, аймақтағы тұрғын үй құрылысына, жеңілдікті тұрғын үй сертификаттарын беруге және т.б. қатысты сұрақтарына жауап береді. Сапар аясында тұрғындармен жүздесулер қазірдің өзінде Алматы және Қызылорда облыстарындаболып өтті.

Келесі кездесулер 21 қарашада Батыс Қазақстан облысында, 22 қарашадаАқмола, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды облыстарында, 23 қарашада Ақтөбе, Түркістан, Солтүстік-Қазақстаноблыстарында, 28 қарашада  Шығыс-Қазақстан,  Атырау облыстары,Шымкент, Алматы, Астана қалаларында, 29 қарашада Маңғыстау облысындаөтетін болады. Әзірге тек Павлодар облысы ғана кездесудің уақытын белгілеген жоқ.

Кездесуге кез-келген азамат қатыса алады. Уақыты мен өтетін орнын әкімдіктер арқылы анықтау қажет.

Қазіргі таңда 7-20-25 бағдарламасы бойынша 55,1 млрд. теңге сомасына 4657 өтінім қабылданды. Олардың ішінен банктер сомасы 36,4 млрд. теңге болатын 3036 өтінімді мақұлдады.

Мақұлданған өтініштер саны бойынша Астана мен Алматы қалалары, Маңғыстау, Шығыс-Қазақстан, Ақмола мен Ақтөбе облыстары алда келеді.

«Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ

Сыртқы байланыстар қызметі Тел: 8 (727) 2772025, ішкі.7340

pressa72025@gmail.com

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK