І.Жансүгіров атындағы ЖМУ
дереккөз

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Еуропа Одағы мен Орталық Азия жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен Ректорлар форумы өткендігін хабарлаған едік. Форум  аясында университетте «Еуропалық  білім беру»  халықаралық орталығы  салтанатпен ашылды.

Қазақстанға алғаш рет келген  ЖОО басшылары, Эстония мемлекетінен Таллин университетінің ректоры Тиит Ланд, Паллас қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры Валерий Нуст және де Латвия, Венгрия, Польша елдерінен, жақын шетелден Өзбекстан, Қырғызстан университетімен қатар  Шығыс Қазақстан, Қостанай,  әл-Фараби атындағы Ұлттық университеті, осындай 20-ға тарта оқу орындары басшылары, ғалымдар қатысты. Еуропалық университеттердің сандық жүйеге көшуі, ғылым саласындағы жаппай байланыс жүйелерінің жаңа реформалары, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа жолдарына жол ашқан жиында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Паллас қолданбалы ғылымдар университеті, Кувейт халықаралық университеті, Таллин университетімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.

Жиынның  екінші күні «Рухани жаңғыру- Қазақстанның серпінді дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияға ұласты.    Қатысушылар оқыту мен білімдегі жаңашылдықтар турасында ойларын ортаға салды. Басқосуда  еуропалық университеттердің сандық жүйеге көшуі, ғылым саласындағы жаппай байланыс жүйелерінің жаңа реформалары, халықаралық ынтымақтастық жолдары талқыланды.

Байланысты нығайту, бірлескен білім бағдарламаларын құру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және  озық тәжірибелерді тарату бойынша да пікір алмасу өткізілді.   Мұнда  «Рухани жаңғыру» контексінде «Рухани құндылықтарды модернизациялау», «Өңірде «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру жағдайы» және тағы басқа да тақырыптар бойынша баяндамалар оқылды.

Даугавпилс университетінің ректоры  Ирэна  Кокина «Еуропалық университеттерді цифрландыру және интернационалдыру» тақырыбында, ал Паллас қолданбалы ғылымдар университетінен  Валерий  Нуст, Эстонияның үлгісінде жоғары оқу орындарындағы құрылымдық реформалар туралы баяндама оқыды. Жоғарғы оқу орнының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры  Дырка Стефан  баяндамасын “Ғылым саласындағы бұқаралық коммуникацияның жаңа реформалары” тақырыбында дайындапты.

Қырғызстанның білім беруді  цифрландыру саласындағы тәжірибесі туралы халықаралық университеттің ректоры Асан Ормушев айтты. Ал Алматы менеджмент университетінің бірінші проректоры Алмагүл Қанағатова баяндамасында “Цифрландыру және қазіргі заманғы университет” мәселесін көтерді. Ілияс Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің жоспарлау және цифрландыру департаментінің өкілі білім беруді цифрландыру туралы хабарлады.

«Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жетекшісі, Алматы облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясы  төрағасының орынбасары   Ғабит Тұрсынбай да сөз алып, Елбасының «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына тоқталды.  «Өңірлік жобалық кеңсе І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында жасақталған сараптау кеңесімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2018-2019 жаңа оқу жылына  І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің жұмыс жоспарына «Қоғамдық сана негіздерін  жаңғырту» пәні, «Туған жер», «Киелі Қазақстан«, «Қазақ  тілінің латын қарпіне көшуі» сияқты арнайы жобаларды іске асыру мақсатында оқу процесіне «Жетісу өлкетануы», «Қазақстанның туризм географиясы», «Мәдени-танымдық туризм», «Тарихи өлкетану», «Жетісу тарихы«сияқты элективтік пәндер енгізілуі атқарылған жұмыстың нақты көрсеткіші. Университет пен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлесіп ұйымдастырған «Рухы бекем, киелі мекен – Жетісу» атты ғылыми–танымдық экспедиция  Жетісу жеріндегі киелі жерлердің құпиясын зерттеу еңбектеріне арқау болды»-деді.

Талдықорған қаласынан 2017  жылы желтоқсанында республикада бірінші болып  «Рухани жаңғыру» орталығы ашылды. Облыстық  жобалық кеңсенің кәсіби мамандар тобы осы ғимаратта  жұмыс жасайды.  Мұнда өткізілетін шаралар саны жылдан-жылға толығып, артып келеді. Тек қана  «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру бойынша 2017 жылы жалпы сомасы 5,159 млрд. теңгені құрайтын 48 жоба жүзеге асырылыпты.

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік  елдің сапалы бі­лімімен және ғылыми жетіс­тік­терімен бағаланады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK