№42 балабақша
дереккөз

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз цифрлы технологияларды қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл маңызды міндет.  Елде 3D – принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салалар даму үстінде. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономиканың құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты» -деп нақты бағдар берді.

Қазіргі уақытта заманауи ақпараттық-технологиялардың мүмкіндігі зор.  Бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру.  «Білім бесіктен басталады» демекші, мектепке дейінгі мекемелер де бұл бағдарламаны өз істерінде кеңінен қолдануда.  Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзіреттілігін арттыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО  ұйымдастырған «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбында бейне-дәрістер байқауы байқауы өткен болатын. Балабақша тәрбиешілері мен педагогтары замануи технологиялар бағыты бойынша өздерінің әдістемелік қоржындарын әлеуметтік желі арқылы әріптестерімен бөлісті. Республикалық байқауда  №42 балабақша әдіскері  Заида Нусупова, тәрбиеші  Гүлшат Торкимбекова — бірінші,  Әсем Ракишова, Елена Боднар — екінші, Гүлнұр Шыныбекова — үшінші орында иеленді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK