Аягөз ауданында Азанғали Тұраров деген ақын ақсақал бар. Бірде ол кісінің  бұрын Мыңбұлақ ауылында ұзақ жыл іргелес отырған Омаш есімді көршісі қайтыс болыпты. «Алыстағы ағайыннан жақындағы  көрші артық» деген.   Басқа жақын-жағалас, ағайын-туыстың бәріне дер кезінде хабар айтылғанымен 70 шақырым жердегі Азанғалиға хабарланбай қалыпты. Көршісінің қазасын кейін естіп, көңіл айтуға барған Азанғали сонда:

«Омеке, айналайын қара нарым,

Сен кетіп, мен топырақ сала алмадым.

Үш жүзге хабар берсе шамасы бар,

Үндемей қойды-ау мына балаларың.

Ораза мен намазды білмей кеттің.

Бақида не болады сенің қалың,

Бір ауыз енді саған дұға етейін,

Келетін қолдан басқа жоқ амалым», –деген екен

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK