Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында тұрғын үй сатып алуға өтініш қабылдай бастады, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жаңа үйлер Талдықорғанның оңтүстік-батыс ауданында салынып жатыр. Онда 230 пәтерлі 16 қабатты үй және 60 пәтерлі бір үй бар.

Тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 140 000 теңгеден сатылады. Пәтерлерді сатып алуға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз болатын жеңілдетілген заем беріп көмектеседі. Несие алудағы басты шарт – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде үй бағасының 20 пайызына тең қаражаты бар депозиттің болуы.

Мәселен, бағасы 6 млн. теңге болатын (орташа баға) бір бөлмелі пәтерді сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі депозитте 1 200 000 теңге болуы тиіс. Мұндай үй бойынша несиенің ай сайынғы сомасы шамамен 60 000 теңгені құрайды.

Өтінішті 2018 жылдың 19 қараша мен 18 желтоқсан аралыңында baspana.kz порталы арқылы беруге болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK