Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шилісу ауылына аққу келіп қонды. Куәгерлердің айтуынша құс қанатынан жараланған, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Бұл туралы ақпарат әлуметтік желілерде жарияланған. Онда куәгер «Кербұлақ ауданы, Сарыөзек жақтағы Шилiсу ауылынан жазып отырмын, біз жақта бір аққу жүр, қанаты жаралы, су қатса өліп қалады ғой, қайда, кімге хабарласуға болады?», — деп жазба қалдырыпты.

Айта кетейік, жақында ғана Талдықорғандағы қалалық бассейнінге аққу келіп қонған болатын.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK