Садақшы Санжар шеберлік сабағын өткізді

342

Талдықорған қаласының спорт және дене шынықтыру  бөлімінің бастамасымен жалпы білім беретін мектептерде «Чемпиондармен кездесу» шеберлік сабағы ұйымдастырылуда.  Бұл шара Елбасының «Болашаққа бағдар — Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Отаным — тағдырым» жобасымен ұштастырылуда. Негізгі мақсат — спорт пен салауатты өмір салтын насихаттап, балалардың спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Садақ атудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2017 жылғы Әлем Кубогының иегері Санжар Мұсаев  №7-орта мектептің 8-сынып оқушыларына шеберлік  сабағын өткізді.

Ол — Талдықорған қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған облыстық  мектеп-интернатының түлегі. Ересектер арасындағы Азия ойындарының қола жүлдегері. Қазақстан Кубогын 3 рет ұтып, 5 дүркін ел чемпионы атанған.

Санжар Мұсаев «Садақ тарту – техникалық және психологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын  спорт түрінің бірі болып саналады. Алайда,  алдыңа  мақсат қойып, соған жету жолында қажымай-талмай еңбек етсең, алынбайтын асу болмайды екен. Үздіксіз шеберлік шыңдаудың нәтижесінде бүгінгі күнге дейін Әлем біріншілігінің күміс жүлдесін, үш дүркін Азияның қола жүлдесін жеңіп алдым. Алдағы уақытта Олимпиада ойындарында да еліміздің Көк туын биіктен желбіретсем деймін! Жеңісімді Отаныма арнаймын» дейді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK