І.Жансүгіров атындағы ЖМУ
Фото автора

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде   «Рухани жаңғыру – Қазақстанның серпінді дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция екі күнге созылды. Алғашқы күнінде Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттері оқу орындарының дамуы, озық тәжірибелерді тарату, білім беру үрдісін сандық жүйеге көшіру бойынша  пікір алмасу ұйымдастырылды.

Жиын алдында университетте «Еуропалық  білім беру» халықаралық орталығы салтанатпен ашылды.  Одан әрі басқосу  «Болашақтың университеті: Цифрландыру  және академиялық дәстүр» атты ректорлар  форумына ұласты.  Негізінен  «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын қолдау мақсатында халықаралық байланысты нығайту, бірлескен білім бағдарламаларын құру, ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жоғары оқу орындары халықаралық ынтымақтастықты дамытатын  жаңа жобаларға қол жеткізіп келеді.

Қазақстанға алғаш рет келген  ЖОО басшылары, Эстония мемлекетінен Таллин университетінің ректоры Тиит Ланд, Паллас қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры Валерий Нуст және де Латвия, Венгрия, Польша елдерінен, жақын шетелдер, Өзбекстан, Қырғызстан университетімен қатар  Шығыс Қазақстан, Қостанай,  әл-Фараби атындағы Ұлттық университет өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Конференцияның екінші күнінде  І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректоры, профессор  Қуат Баймырзаев, Таллин университетінің ректоры Тиит Ланд, Польша  Лингвистика- техникалық университетінің ректоры Эльжбетта Стерналь және басқалары баяндама жасады. Оқыту мен білімдегі жаңашылдықтар турасында ойларын ортаға салды. Басқосуда  Еуропалық университеттердің сандық жүйеге көшуі, ғылым саласындағы жаппай байланыс жүйелерінің жаңа реформалары, халықаралық ынтымақтастық жолдары талқыланып, меморандумға қол  қойылды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK