Қапшағай қаласы, Шеңгелді округінде егістік көлемі барған сайын артып келеді. Соның ішінде қант қызылшасына жіті мән беріліп отыр.

Мәселен, былтыр 500 гектар жерге себілсе, биылғы жылы 700-ге жеткізілген. Өңір шаруалары өткен жылғыдан да мол өнім алуды жоспарлап отыр. Оған ауа райыда қарайлап, бір қалыпты температураны ұстап тұр. Бүгінде қызылша жинауға 400 адам жұмылдырылып, жалпы, қызылша еккен 16 шаруа қожалығының 11-і өз өнімдерін қазіргі таңда толық жинап үлгерген.

Енді қалған бес қожалықта науқан жалғасуда. Ағымдағы жылы гектар берекелігі орташа есеппен 300 тоннаға жеткізіліп отыр. Қазіргі уақытта аталған алқаптарда 3 комбайн, 20-ға жуық КамАЗ және 2 пәлек кескіш техника бірліктері жұмыс істеуде. Алматы облысы, Көксу ауданындағы «Көксу қант» зауытының тамырына қан жүгіргелі қапшағайлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің тынысыда ашылған. Бұл жыл өткен сайын мөлшері көбейіп, өнім жақсара түспек. Қазіргі уақытта кәсіпорынға 7600 тонна қызылша өткізіліп, қалған 10 мың тоннасы енді жөнелтілмек.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK