Жер мен үй кезегі жеңілдей ме?

618

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Қожабаев арнайы «Ашық есік» күнін өткізіп, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.  Шаһар басшысы Бағдат Қарасаевтың бастамасымен қолға алынған бұл қабылдау әр сенбі күні тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Мұндағы мақсат – демалыс уақытын пайдаланып, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, түйткілді түйіндерді шешуге қол ұшын беру.

 Еске сала кетейік, осыған дейінгі кездесулерде тұрғындардан түскен  жалпы 70-ке жуық шағым қаралған. Сол күнгі Асқар Рамазанұлының қабылдауына калалық ауыл шаруашылығы, жер, сәулет-құрылыс, құқық қорғау, кәсіпкерлік, туризм, коммуналды меншік және экология бөлімдерінің басшылары шақырылды. Жүздесуге  түрлі сауалдармен келген 20-ға жуық адам  тиісті жауап алып қайтты.  Атап айтсақ, олардың дені жер, баспана кезегі мен кәсіпкерлікті қолдау төңірегінде өтініш білдірді. Нақты  мәліметтерге жүгінсек, бүгінгі күнде Талдықорған қаласында 27 мың 500 адам – жер, 15 мың 500-і үй кезегінде тұр. Жер, үй кезегі жеңілдей ме? Қаланың атқа мінерлері не дейді. Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келер санынан оқи аласыздыр.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK