Талдықорғанда дін саласы бойынша  ақпараттық-түсіндіру топтарының әртүрлі деңгейдегі мүшелерін даярлау курсының ІІІ – кезеңі басталды. Бұл шара  «Парасат» кеңес беру-әдістемелік орталығы» және «Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерін даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыру» гранты аясында  қолға алынған.

 Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында өтіп жатқан оқыту курсының ашылу салтанатында сөз алған Алматы облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов жалпы қатысушыларды құттықтап, оқуына сәттілік тіледі. Аталмыш іс-шараға Алматы, Шымкент қаласының және Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының әр түрлі деңгейдегі ақпараттық — түсіндіру тобының мүшелері даярлау және қайта даярлаудан өтеді. ​Курс бағдарламасы 40 академиялық сағатқа жоспарланған. Бағдарламаның басты мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырушы тұлғаларға қажетті теориялық білім беріп, олаардың практикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Діни сауаттылық – тұрақтылық кепілі.

Практикалық бағытта көпшілік алдында сөз сөйлеу, көпдеңгейлі тестілеуден өту курсқа қатысушылардың мүмкіндіктері мен әлеуеттерін айқындауға жол береді. «Оқу бағдарламасын толық меңгерген әр адам тұрғындармен жүргізілетін ақпараттық түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыра алатын экстремистік идеологияларға қарсы тұра алатын маман ретінде қалыптаса алады» -дейді мамандар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK