Алакөл ауданы Үшарал қаласында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасымен «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» жобасы аясында Үшарал қазақ гимназия ОМ-де IT работотехника сыныбы ашылды.

Салтанатты шараға Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, Білім және жаңа инновациялық технология орталғының директоры Ж.Сманқұлова, «Нұр Отан» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев, аудандық білім бөлімінің басшысы М.Төлеужанов, қала әкімінің міндетін атқарушы А.Исатаев, аудандық мәслихат депутаты Е.Жуанышбаев және ұстаздар алқасы қатысты.

Оқыту жүйесі 3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, web-сайт құру бағдарламалары бойынша өткізіледі. Мұнда оқушылар қарапайым алгоритмдерді құруға, еуропалық білім беру стандарттарына сәйкес бағдарламаларды игеруге мүмкіндік алады. Сондай-ақ, оқушылардың заманауи сауаттылығы арту мен қатар, инженерлік-техникалық ойлау дағдылары қалыптасады.

Қазіргі таңда ауданда робототехника негіздерінде оқытатын 2 IT сынып жұмыс жасап, жақсы көрсеткіштер көрсетуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK