Алматы облысы Алакөл ауданы Ынталы ауылдық округінде жаңа мешіт бой көтерді. Мешіттің салтанатты ашылу рәсіміне Талдықорған қалалық «Иман» мешітінің наиб имамы Ө.Шынарбек, аудан әкімі Ә.Жақанбаев және ауыл тұрғындары келіп қатысты.

Айтулы шарада аймақ басшысы Әлібек Әскербекұлы алғаш сөз алып, қонақтар мен ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтады.

— Ауылдың келбетін ашып, заман талабына сай жобаланып салынған 150 орындық мешіт адамгершілік пен рухани орталыққа айналатынына сенімдіміз. Мына тұрған әдемі мешітті салуға көңілі дархан, пейілі кең азамат жеке кәсіпкер Ділдебаев Амантай Мамыржанұлының еңбегі орасан зор, — деді.

Жаңа мешіт ауданның әсем ғимараттарының біріне айналып отыр. Ғибадат орны ислам дәстүрлері мен ережелеріне сай бой көтерген. Құрылыс жұмыстарына 40 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Алла үйінің кереметтей болып бой көтеруіне ауыл тұрғындары да үлес қосып, өз еріктерімен 4,5 миллион теңге жинап беріпті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK