дереккөз

Латын әліпбиіне көшу — қазақ xалқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемісі мен жеңісін әкелері сөзсіз, – деді еркіндіктермен  жүздесуде «Жаңа әліпби жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық топтың  мүшелері.

Ақпараттық топ бұл жолы-Еркін ауылындағы №26 орта мектепке жиналған жұртшылқпен жүздесті. Ауылдық округ   әкімінің орынбасары Қанат Рысбеков  ашып, топтың мүшелерін таныстырды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы С. Қожағұлов, Алматы облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Т.Рақымберлина,  облыстық «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Ж.Оспанұлы басқосуда жаңа әліпби туралы ойларымен бөлісті.

Ауыл ақсақалдарының да айтар ойы бар екен. Көпшіліктің тілегі «У» дыбысының «У'» деп таңбалануы өзгертілсе екен деген тілек болды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK