Отандасымыз Мерей Сүйінов Астана қаласында өткен әлем біріншілігінде күміс жүлдені қанжығалады. Спортшы каратэнің киокушинкай түрі бойынша бақ сынаған, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Қазақтан шыққан каратэдан тұңғыш (2015) əлем чемпионы бұл жолы екінші тұғырдан қол бұлғады. Жартылай финалда қолынан алған жарақатына байланысты М.Сүйінов ақтық бәсекеде татамиге шығудан бас тартқан.

Барған жарысынан жүлдесіз қайтпайтын Мерей өзінің инстаграм әлеуметтік парақшасында арнайы жазба қалдырыпты.

«2 болсада күш) Әлем чемпионаты мәресіне жетті! Үш кездесуде жеңіске жетіп, ақтық сайысқа жарақат себепті шыға алмадым. Қолдауларыңызға көп көп раxмет!», — дейді спортшы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK