Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаевтың өкімімен Әділет Рымтаев Талдықорған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Әділет Рымтайұлы 1979 жылы Алматы облысында туған. 2000 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін, 2005 жылы Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясында жоғары білім алған. Мамандығы – Математика және информатика пәндерінің оқытушысы, инженер-программист және заңгер.

Жалпы, еңбек өтілі 15 жыл. Еңбек жолын мемлекеттік қызметте 2003 жылы бастап, Талдықорған қаласы әкімі аппаратында ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары Талдықорған қаласындағы №25 орта мектептің директоры қызметтерін атқарған.

2015 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет атқаруда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK