Алматы облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен және облыстық жастар саясаты басқармасы, Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен, 2018 жылдың 03 қараша күні, сағат 11.00-де «Жастар» спорт сарайының алдында, Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдардағы мемлекеттік бағдарлама аясында, жастар арасында жат діни ағымдардың таралуының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, велоспортпен тұрақты шұғылдануға жағдай жасау мақсатында, облыстың белсенді, 16-29 жастағы жасөспірімдер арасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы агитациялық облыстық веложарыс өтеді.
Веложарыс жеңімпаздары:
Алматы облысы дін істері басқармасының атынан ұлдар арасында және қыздар арасында жекелей грамотамен және 1 орынға Велосипед, 2-3 орынға Планшет — бағалы сыйлықтарымен марапатталады. Қатысушыларды тіркеу және ақпарат телефондары: 87005456006, 305649

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK