Бүгінде, жалпы, елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесінде әрбір құжат электронды жүйеге көшіріліп,  қарапайым халықтың қызмет алуы барынша жеңілдеді.

Соның ішінде жұрттың түрлі анықтамалар алуы,  балалардың туу туралы куәлігіне тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсімдеу және сәбиді балабақшаға кезекке қою, көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру басқа да сұраныстарға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады. Сонымен бірге халыққа қызмет көрсету орталықтары жұрттың әлеуметтік – еңбек саласындағы барлық сұрақтары бойынша жауап береді. Ол үшін кез келген адам Азаматтарға арналған үкіметтің 1411 байланыс-орталығына сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа күні сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін түскі үзіліссіз хабарласа алатынын ескертеді. (қоңырау шалу тегін).

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK