Оқыс оқиға Алматы – Бішкек күре жолының 23 шақырымында  «Газель» шағын автобусымен  «Mercedes Sprinter» жеңіл көлігінің соқтығысуынан болған. Апат салдарынан 21 адам зардап шегіп, түрлі дене жарақаттарымен ауыруханаға түскен.

Құдай өзі сақтасын! Қазірге адам шығыны туралы суық хабар жоқ.  Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Айгерім Көпбаеваның айтуынша, бұл іспен Қарасай аудандық ІІД-нің мамандары айналысуда. Жол апатына кімдердің себепкер болғаны тергеу нәтижесінен соң белгілі болады. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеудің әділ әрі тыңғылықты аяқталуы Алматы облысттық ішкі істер басқармасының қадағалауында.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK