Құрметті конференция делегаттары! Қадірменді қауым!

Мемлекет басшысы – Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елді дамытудағы стратегиялық бағдар-ламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.
Осы қатарда, Талдықорған қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай алға басушылық бар. Қол жеткен табыстарға қала тұрғындарын ұйымдастыруда 11 мыңнан астам мүшесі бар партиямыздың қалалық филиалы шешуші рөл атқарды десем, артық емес.

Құрметті делегаттар!

Есеп беріп отырған 2017-2018 жылдар аралығы партиямыз үшін саяси оқиғаларға толы, нәтижелі кезең болды.
Партия қатары жылдан-жылға нығаюда, бүгінгі таңда партия мүшелерінің санына емес, сапасына көп көңіл бөлінуде. Қалалық партия филиалында бүгінгі күні 28 бастауыш партия ұйымында 11 200 (2017 ж- 11157) партия мүшесі тіркелген. 2017-2018 жылдары біздің филиалдың Саяси кеңес бюро-сының 9 отырысы өткізіліп, 48 тапсырма берілген, оның бүгінгі күнге барлығы орындалып, жүзеге асырылды.
Депутаттық фракцияның 10 жиналысы өтіп, оларда қаралған 28 мәселе өз шешімін тапты.  Қалалық партия филиалының ұймдастыруымен 2017-2018 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 10 отырысы өткізілді.
Партиялық бақылау комиссиясы 2017-2018 жылдары 23 рейдтік шаралар ұйымдастырды.
Партиялық бақылау қызметі бойынша БАҚ беттерінде 99 мақала жарық көрді.
2017-2018 жылдар аралығында мемлекеттік мекемелермен 12 меморандумға қол қойылды.
2017 жылы Талдықорған қалалық партия филиалы респуб-ликалық «Ең үздік қоғамдық қабылдау» байқауында 234 ау-мақтық партия филиалдары ішін-де 3-ші орынды иеленді.
«Қазақстанның ең үздік әлеу-меттік жобалары» атты конкурсында Республика бойынша 50 жобаның ішінде Қарабасов Нұрболат Берікбайұлы жүлделі 2 орынды жеңіп алды.
Бүгінгі күні қалалық партия филиалында және 10 ірі бастауыш партия ұйымдарында қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмыстарын атқаруда. Жыл басынан бекітілген жоспарға сәйкес,
оның «Электронды қоғамдық қа-былдау» базасы арқылы уақытылы өтуі қадағаланады.
Сонымен қатар, азаматтарға өз өтініш-тілектерін айтуға қолайлы жағдай жасау мақсатында республика бойынша қолдау орталығы жұмыс атқарады.
Аталған қолдау орталығына тегін қоңырау шалып, республи-калық, аумақтық және аймақтық партия филиалдарында өтетін қабылдауларға жазылып, немесе тікелей байланысқа шығып, сауалдарын қоюға мүкіндік берілген.
Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы партияға өтініш қалдыруға болады. Ол жерде арнайы мамандар партияның сайты арқылы келген азаматтарға өтініш беруге көмек көрсетеді.
Биылдан бастап «Электронды қоғамдық қабылдау» жүйесінде депутаттық блог жұмыс атқаруда, ол жерде ҚР Парламент Мәжілі-сі және облыстық мәслихат депутаттарының блоктары бар. Аталған блокқа тұрғындар өз сауалдарын жолдай алады.
2017-2018 жылдары қоғамдық қабылдауға 752 өтініш түсті. Оның ішінде 173 өтініш оң шешімін тауып, 648 өтінішке тиісті кеңес беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2017-2018 жылдар аралығында партиялық бақылау комиссиясы мен Саяси кеңес бюро отырыстарында 43 партия мүшесінің партиялық жауапкершілігі қаралып, 15 партия мүшесі партия қатарынан шығарылды. 28 партия мүшесіне ескерту берілді.

Құрметті делегаттар!

Сайлауалды бағдарламаның «Жаңа әлеуметтік саясат, қауіпсіздік және тұрақтылық» бағыт-тары негізінде партияның 9 жобасы іске асырылып келеді. Белгіленген нақты индикаторларға қол жеткізу мақсатында 2017-2018 жылдары 354 шара ұйым-дастырылып, оған 60 мыңға тарта адам қатысты.
Партия филиалы өз жұмысын республикалық және аймақтық желілік кестеге сәйкес ұйымдастыруда. Шаралар партияның халықтық деген имиджін қалыптастыруға, азаматтардың өзекті мәселелерін шешуге, барлық деңгейде жалпыұлттық диалогты қамтамасыз етуге бағытталды. 2017-2018 жылдың қорытындысы бойынша желілік кестеге сәйкес жоспарланған 346 шараның барлығы өткізілді. Бүгінгі күні партия техноло-гияның ашық ақпараттық қоғамға бейімделуі бойынша страте-гиялық – 10 жобаны, партияны қолдаушылар желісін кеңейту бағытында – 6 жобаны, партияның қызметін трансформациялау бойынша – 4 жобаны жүзеге асыруда.
Өздеріңізге белгілі, 2017 жылы 3 қарашада өткен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде партия Төрағасының берген тапсырмасына сәйкес, партияны жаңғырту жөніндегі міндеттерді толық және сапалы іске асыру мақсатында Төрағаның бірінші орынбасары Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың бұйрығымен «Нұр Отан» партиясының 20 жобасы бекітілген болатын.
«Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ», «Сәтті қадам» жобалары аясында биыл 180-нен астам шара өтті.
«Қазақстанның кітапханалары: заманауи білім орталықтары» атты жобасы аясында 3 коворкинг орталығы ашылды.
5000 мүшесі бар «Жас Отан» жастар қанаты қалалық филиалы 7 жобаны іске асыруда («Жастар Отанға», «Сәтті қадам», «Жастар кадрлық резерві», «Еркін пікір», «Дипломмен- ауылға», «Қазақша сөйлесейік, «English for Jastar»). 2017-2018 жылдары партиялық жобалар бойынша республикалық, облыстық жергілікті телеарналарда 79 сюжет шығарылып, газеттерде 285 мақала жарияланды. Әлеуметтік желілерде 1 мыңға жуық (985) ақпарат жарық көрді.

Құрметті конференцияға қатысушылар!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында қай кездегідей Қазақстан халқының жағдайын жақсартуды басты міндет ретінде қойып отыр. Демек, бағытымыз белгілі, міндеттеріміз айқын. Олардың орындалуы әрқайсымызға, әрбір партия мүшесінің еңбегіне, белсенділігіне байланысты. Сондықтан, баршаңызды ортақ игіліктеріміз үшін лайықты үлес қосып, нәтижелі еңбек етуге шақырамын. Назарларыңызға рахмет!

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK