Мамандықтар әлеміне жол ашамыз

286
Дереккөз

Талдықорған политехникалық колледжінде “Мамандықтар әлеміне жол ашамыз” атты облыстық байқау өтті. Аталмыш байқауға облысымызға қарасты жиырмадан астам техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің білімгерлері қатысты.

Дереккөз

Мұндағы мақсат — Елбасы Жолдауын, “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасын, “Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасын жүзеге асыру және кәсіби бағдар жұмыстарының сапасын арттыру, кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтарын насихаттау. Қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде “Менің болашақ мамандығым” тақырыбы бойынша түсірілген бейнефильм, екінші кезеңде “Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті” атты сахналық қойылым, және “Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!” жұмыс барысындағы қызықты сәттерді бейнелейтін үздік суреттер ұсынылды. Әділқазы алқалары сайыс барысында қатысушылардың жұмыстарының мазмұны мен өзектілігі, негізгі идеясы, сондай-ақ шығармашылық қабілеттеріне баса назар аударылғанын  айтты. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Сүлейменова “Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының “Тәрбие және білім” кіші бағдарламасы аясында ұйымдастырылған  облыстық байқаудың ашылу салтанатымен баршаңызды құттықтаймын! Кәсіптік-техникалық білім беру орындарының студенттеріне арналған байқау алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Біздің аймағымызда   технология қарыштап дамыған қазіргі уақытқа сай білімді студенттерді тәрбиелеп шығаратын бірқатар білім ошағы, кәсіби деңгейі жоғары педагогтар қатары баршылық. Бұл біз үшін мәртебе”-деп барша қатысушыларға сәттілік тілеп, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің  түлектерін тұрақты жұмыспен қамтуда Алматы облысы алдыңғы қатарда екенін атап өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK