қалалық партия конференциясы
Суретті түсірген А.Нұршанов

Кешегі күні  «Нұр Отан» партиясы  Талдықорған қалалық филиалының  ХХVIІ конференциясы өтті. Партияның  кіреберіс фойесінде филиалдың жұмыстары, бастауыш ұйымдардың және партиялық жобалардың тыныс-тіршілігінен хабар беретін көрме ұйымдастырылды. 

Партияның  Алматы облыстық филиалының мәжіліс залында өткен  конференцияға Талдықорған қалалық партия филиалының төрағасы, қала әкімі Д.Шалтабаев, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары  Г.Тойлыбаева, қалалық  партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  А.Жазықбаев, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, саяси кеңес мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарынан сайланғандар, барлығы,112 делегат қатысты.

 Делегаттар күн тәртібінде: «Нұр Отан» партиясы  Талдықорған қалалық филиалының саяси кеңесінің 2017-2018 жылдардағы конференция аралығында атқарған жұмысы туралы, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында да қойылған міндеттердің орындалу барысы, одан кейін қалалық партия филиалының саяси кеңес мүшелерін сайлау және облыстық партия филиалының есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар кандидатын ұсыну мәселесін талқылады.

Конференцияны ашып, жүргізіп отырған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының  орынбасары Г.Тойлыбаева Елбасы Жолдауы жөнінде пікір білдіріп, баяндамашыға кезек берді.
«Нұр Отан» партиясы  Талдықорған қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Дастан Тұрарбекұлы атқарылып жатқан істерге  кеңінен тоқталды. «Бүгінгі таңда қалалық партия филиалы қатарында қаламыздағы барлық салада қызмет ететін 28 бастауыш партия ұйымы бар. Оларда 11200 партия мүшесі есепте тұр.Осы есеп беру-сайлау конференциясы аралығында қалалық партия филиалы үлкен жетістіктерге жетіп, жаңа бастамалармен алдыңғы қатардан көрінді. «Үздік қоғамдық қабылдау» байқауының аймақтық кезеңінде қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі  бірінші орынды иеленді. Ал партияның Орталық аппаратында республикалық үздіктерді марапаттау рәсімінде 3-орынды  алып, абырой биігінен көрінді. Партия мүшелерінің бірлесіп жасаған  жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай. Жұмылып, бірлесе атқаратын  істер ауқымды. Міндет айқын,  мақсат бір»,-деп атап көрсетті  партия филиалының төрағасы.

 Шарада   Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы  облыстық төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай,  І. Жансүгіров атындағы ЖМУ гуманитарлық факультетінің  деканы Айна Рахимова, «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы Айман Қабдығалиева және де  басқа да делегаттар Елбасының  халыққа арнаған  бас құжаты туралы ойларын ортаға салып, өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар етті.  Жиын соңында қалалық  партия филиалының саяси кеңесінің мүшелері   және де    Алматы облыстық  партия филиалының  есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды. Талдықорған қалалық партия  филиалының жұмысына делегаттар қанағаттанарлық деп  баға берді.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK