Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алып қалған бір қыз төсегінде өксігін баса алмай  жылап жатыпты. Жанұясындағы үлкен-кіші қанша ақыл айтып, сабырға шақырса да қыз көнбепті.

Үлкендер шығып кеткен әредікте қыздың бөлмесіне оның 4 жастағы сіңлісі келіп кіріпті. Етбеттей  құлап, солқылдап жатқан әпкесін көрген сәби ақырын ғана әпкесінің маңдайынан сыйпап: — «Болды, тәте, көп жылай бермеңізші. Өзің де сабаққа сонша қатты дайындалған жоқсың ғой» — деген  екен.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK