Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Бостонда өткен бокс кешінде америкалық Мэтт Догертиді бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Негізі, былғары қолғап шеберлері арасындағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. Алайда, 2 минут 33 секундтан кейін төреші шаршы алаңдағы шайқасты тоқтатуға мәжбүр болды. Отандасымыз өзінің қарсыласын техникалық нокаутпен ұтып, кезекті жеңісіне жетті.

Осылайша Данияр өз мансабында төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның ендігі кездесуі 24 қараша күні Монакода өтеді деп жоспарланған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK